Алдағы үш жылда Қазақстанда күре жолдардың бойына 304 дәретхана салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы үш жылда Қазақстанда республикалық автожолдардың бойына 304 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызға ие автожолдардың бойына 12 KazWay жол сервисі павильонын салды. Соның бесеуі «Астана-Щучинск» ақылы жол учаскесінде бой көтерді. Kazway павильондарында жылы дәретханалар және тамақтану орындары бар.

Енді 2019-2022 жылдар аралығында 304 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспары жасалды.

Олардың 109-ы жөнделіп жатқан күре жолдардың бойына салынады. Олар: Щучинск - Зеренді, Қарағанды қаласының айналма жолы,Тараз-Шымкент (Түркістан облысы), Нұр-Сұлтан - Павлодар, Бейнеу - Ақжігіт, Жетібай - Жаңаөзен, Петропавл - Қорған, Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолы, Өскемен - Бұқтырма, Ұзынағаш - Отар, Күрті - Бурылбайтал, Қостанай - Қарабұтақ, Қандыағаш - Мақат, Үшарал - Достық, Атырау - Астрахан, Подстепное - Федоровка, Талдықорған - Өскемен, Балқаш - Бурылбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Қарағанды - Балқаш, Күрті - Қапшағай, Меркі - Бурылбайтал автомобиль жолдары.

Сонымен қатар алдағы үш жылда бүкіл Қазақстанда пайдаланылып жатқан жолдардың жағасына 116, ақылы жолдардың жағасына 79 санитарлық-гигиеналық торап салу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар