Алдағы үш жылда Қазақстан Орталық Азияның электрмен қамтамасыз ету жүйесінен еркін түрде оқшау жұмыс істей алады

None
None
АСТАНА. Қарашаның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдағы үш жылда Қазақстан Орталық Азияның электрмен қамтамасыз ету жүйесінен еркін түрде оқшау  жұмыс істей алады.Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «КЕГОК» АҚ-ның президенті Қанат Бозымбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы үш жылда біз еркін түрде Орталық Азияның энергия жүйесінен оқшау жұмыс істей аламыз. Балқаш жылу электр стансасын іске қосқасын сенімділік деңгейі елеулі түрде арта түседі және бізге алаңсыз жұмыс істеуге мүмкін болады»,-деді Қ. Бозымбаев.

Оның сөзіне қарағанда, тұтыну көлемі төмендеуін есепке алғанда Қазақстанның Балқаш жылу электр стансасынсыз да еркін жұмыс істеуге қауқары бар.

Соңғы жаңалықтар