Алдағы үш жылда индустриялдық бағдарлама аясында 200 мың жұмыс орны құрылмақ

None
None
аурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алғашқы 5 жылда бағдарламаны іске асыруға 300 миллиард теңге бағыттау жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП депуттарының республикалық форумында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылы жоспарланған индустриялдық жобаларды іске қосу кезінде 25 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Ал үдемелі индустриялдық-инновациялық бағдарламаны толықтай жүзеге асыру барысында алдағы үш жылда тағы да 200 мың еліміздің азаматтары еңбекпен қамтылатын болады»,- деді Ө. Шөкеев.

Сонымен бірге Үкімет басшысының бірінші орынбасарының сөзіне қарағанда, 2010 жылы тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығына жұмсалатын республикалық және жергілікті бюджеттердің жалпы шығыстары 48 миллиард теңгеге тарта қаржыны құрайды.

«Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бұл жүйелік жұмыс. Ол 2020 жылға дейін есептелген, яғни қазіргі кезде әзірленіп жатқан бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы 5 жылда бағдарламаны іске асыруға 300 миллиард теңге бағыттау жоспарланып отыр. Атап айтқанда жыл сайын 50 миллиард теңге жұмсалатын болады», - деді Ө. Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар