Алдағы үш жылда ғылыми қызметкерлердің санын 15% арттыру жоспарлануда - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2026 жылға қарай еліміздегі ғылыми қызметкерлердің санын 15%-ға арттыру жоспарланып отыр. Мұндай деректер «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ғылымды дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Ғылыми-өндірістік ұйымдар, инжинирингтік орталықтар мен ғылыми-технологиялық парктер трансформацияланады. 2026 жылға қарай ғылыми қызметкерлердің санын 2021 жылмен салыстырғанда (21,6 мың адам) 15%-ға арттыру көзделуде. Ал ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарындағы зертханаларды жаңартылған жабдықтармен қамтамасыз етуді 25%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 2020 жылы бұл көрсеткіш 13,4% құраған еді», - деп жазылған тұжырымдамада.

Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстанда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң әзірленбек.


Соңғы жаңалықтар