Алдағы үш жылда ғылымды дамытуға қанша қаражат бөлінеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023-2025 жылдар аралығында ғылымды дамыту үшін республикалық бюджеттен 6,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджет жобасы шеңберінде ғылымды дамытуға жалпы сомасы 6,4 млрд теңге шығыстар көзделген. Ол үшін 2023 жылы - 1,5, 2024 жылғы - 2,4 және 2025 жылы - 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ол 77 ғылыми-техникалық қызмет субъектісін, іргелі ғылыми зерттеумен айналысатын 8 ұйымды және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді қаржыландыруға бағытталады. Сондай-ақ, бұл қаражат есебінен 751 жетекші ғалымның жалақысы төленеді», - деп көрсетілген Қаржы министрлігі ұсынған құжатта.

Бюджет жоспары аясында ғалымдарға мемлекеттік сыйлықақылар мен стипендияларды төлеуге 1,5 млрд-тан астам қаржы бөлу жоспарланған. Атап айтқанда, 2023 жылы - 531, 2024 жылғы - 496, ал 2025 жылы - 569 млн теңге сыйақыға бағытталады.

Сонымен қатар, жоспарлы бюджет жобасы шеңберінде алдағы үш жылда елімізде 504 мектеп салу жоспарланған. Олардың құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар