USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Алдағы үш тәулікте күн жылы болады

2021 жылғы 29 қараша 11:57
Бөлісіңіз:
Алдағы үш тәулікте күн жылы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер Қазақстан бойынша 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 22 қаңтарда күн райы қандай болады: «Қазгидромет» болжамы «Қазгидромет» қаңтардың 21-і күнгі күн райы болжамын жариялады Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

«Аязды тудырған суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп шығатын болады. Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы Батыс циклоны келеді. Оның әсерінен

жауын-шашындатып (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылиды. Тек 2 желтоқсанда ғана еліміздің батыс өңірлеріне кезекті антициклон ауысады, онымен температураның аздап төмендеуі күтіледі: түнде 5 градус дейін суытады күндіз 3 градус суық пен 5 жылы аралығында.

Маңғыстау облысында —10 градус жылы. Республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болуы ықтимал», - делінген синоптиктердің хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT