Алдағы үш тәулікте 45 градусқа дейін ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 23-25 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы үш тәулікте елдің басым аумағында солтүстік циклон жырасының өтуімен құбылмалы күн райы сақталады – найзағай, жаңбыр, дауыл күтіледі. Сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал.

23-24 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында, 25 маусымда солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады.

23 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, 23-24 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 24 маусымда Қостанай облысының оңтүстігінде, 23-25 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.

24-25 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде, 25 маусымда Түркістан облысының далалы жерлерінде 45 градусқа дейінгі ыстық күтіледі. 25 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градусқа дейін ыстық болады», - делінген синоптиктер мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар