Алдағы үш күнде температура 5 градусқа дейін төмендейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 16-18 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің солтүстігінде ыстықтың басылуына әскер еткен солтүстік циклонның биік қолаты бірте-бірте оңтүстік, одан әрі оңтүстік-шығыс өңірлерге тарай бастайды. Айтарлықтай жауын-шашын күтілмегенмен, температураның 5...10 ° С-қа төмендеуі байқалады. Еліміздің тек батысында Иран аудандарынан шығатын жылы ауа массаларынан ыстық, құрғақ ауа райы сақталады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар