Алдағы үш күнде Қазақстанның батысында бұрқасын болып, ауа температурасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанның батысында бұрқасын болып, ауа температурасының төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Ресейдің Еуропалық аумағында қатты жаңбырларға себепші болған циклон Қазақстанның батыс облыстарына ауысып жатыр. Алдағы үш тәулікте бұл циклонның әсерімен ауа райының күрделі жағдайы: сулы қар, көктайғақ, одан кейін қар жауып, бұрқасын болуы, желдің 15-20 м/сек жылдамдықпен соғуы, жел екпінінің 25-28 м/сек дейін жетуі және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Республиканың қалған аумағында батыс циклонын шығысқа өткізбейтін Сібір антициклонының әсері сақталады. Сондықтан облыстардың көбінде жауын-шашынсыз күн райы мен аяз сақталады, ауа температурасы орташа көпжылдық мөлшеріне жақын болады, оңтүстік пен орталықта нормадан 3-5 градус асады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар