Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық аймақтарында күн аязды болады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» хабарлауынша, жақын үш күнде Қазақстанның барлық облыстарында аязды болады. 20 қарашаға дейін берілген ауа райы болжамында солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жер-жерлерде қар жауып, бұрқасын болатыны, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғатыны, сондай-ақ түнде ауа температурасының 13-23 градусқа дейін төмендейтіні болжанады. Күндізгі ауа температурасы шамамен 5-10 градус суықты көрсетеді.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көбінесе қар жауады, кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

«Бұлттың және жауын-шашынның әсерінен түнгі және күндізгі ауа температурасы бірдей болады - түнде шашамен 0-8 градус суық болса, күндіз температура 2 градус жылыдан 5 градус суыққа дейін ауытқиды», - деп хабарлайды синоптиктер.

Батыс облыстар антициклонның ықпалында болғандықтан бұл жерлерге де аяз түседі - түнде 8-18, күндіз 2-10 градус суық болады.

Соңғы жаңалықтар