Алдағы үш күнде Қазақстанда күн суытып, жауын-шашын жауады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендеп, қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Суық антициклон және арктикалық ауа массалары кезінде республиканың барлық аумағында ауа температурасы күрт төмендеп, жауын-шашын көп түседі. Еліміздің солтүстігінде негізінен қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік өңірде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Елімізде желдің күшеюі де болжанып отыр, солтүстік аймақтарда тұман, көктайғақ болады. 14 сәуірде республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы 10 градусқа күрт төмендесе, оңтүстік облыстарда 15 сәуірде салқындайды, бірақ оған дейін күн солтүстікте 20 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 33 градусқа дейін ысиды.


Соңғы жаңалықтар