Алдағы үш күнде Қазақстанда 41 градусқа дейінгі аптап ыстық күтілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстанда 41 градусқа дейінгі аптақ ыстық болатындығын болжап отыр.

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райына антициклон әсер етеді.

Бірақ, 11 тамыз күні елдің батыс пен солтүстік бөлігіндегі шалғай аудандарда жауын сіркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.

Сонымен қатар, республиканың басым бөлігінде әдеттегіден 3-7ºС жоғары ыстық ауа райы күтілуде.

Елдің батысы мен оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 33-38ºС, кей жерлерде 41 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік пен орталықта да 30-37 градусқа жетеді.  

Соңғы жаңалықтар