Алдағы үш күнде Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз күтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК алдағы 3 күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі — жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын.

3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Кезеңнің соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі — солтүстік-батыста түнгі температура 5...15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 аязға дейін, оңтүстікте 3...13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - делінген синоптиктер мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар