Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігі мен орталығында үсік жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ығысатын антициклонның әсерінен Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын уақытша тоқтайды. Ал республиканың солтүстігі мен орталығында түнде және күндіз 1…3°С үсік жүреді.

Бірақ 13 қыркүйекте Батыс Сібірден келетін кезекті арктикалық фронттар Қазақстанның солтүстік аймақтарына, содан соң орталық және шығысына өз әсерін тигізеді. Мұнда да қайтадан жаңбыр басталып, нормадан төмен ауа температурасы сақталады.

Қалған аймақтарда жауын-шашын болмайды, күн ашық. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын.



Соңғы жаңалықтар