Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-26 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжануда. Ауа температурасы республиканың әсіресе солтүстік өңірлерінде қатты төмендейді. Солтүстіктегі ауа температурасы түнде +7-12 градус болса, күндіз термометр бағаналары +17-22 градусқа дейін төмендейді. Қазақстанның тек оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер жоқ. Мұндағы күн негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжануда», - делінген синоптиктердің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар