Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК мамандары 16-18 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Антициклон және Ираннан келетін ыстық ауа массаларына байланысты Қазақстанның көптеген облыстарында аптап ыстық сақталады. Республиканың батысында жаңбырдан кейін ауа температурасы қайта жоғарылайды.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2...7°С жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар