Алдағы үш күнде елімізде жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанға Баренц теңізінің маңынан тропосфералық ағындармен ылғалды және салқын ауа келеді. Сондықтан еліміздің көптеген өңірлерінде ұйытқыған жел соғып, найзағайлы өткінші жаңбыр жауады.

«Еліміздің солтүстігінде жоғарғы циклонның ықпалынан кей жерлерде қатты нөсер жауады. Ауа температурасы төмендейді, көпжылдық нормадан 2...5°С градусқа төмен болады. Ал батыс өңірлерде жоғарғы атмосфералық қысым таралады, сондықтан ол жақта күн райы ашық, температура климаттық нормаға жақын болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар