Алдағы үш күнде аяз кетіп, орнына боран келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің айтуынша, республикадағы ауа райын өзгертіп отырған кең ауқымды антициклон бірте-бірте Батыс Сібірге қарай жылжып, қатты аязды да ығыстырады. Оның орнына Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында биіктік циклоны келеді. Сондықтан алдағы екі күнде көптеген облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

10 ақпанда ауа райы өзгереді. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстарда биіктік циклонының ықпалынан кейбір жерлерде қар жауып, боран соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Соңғы жаңалықтар