Алдағы үш күнде ауа райы суытып, 2 градусқа дейін аяз болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» кәсіпорны 24-26 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екатеринбург аймағынан келетін циклонға байланысты атмосфералық фронттар республиканың көптеген аймақтарында күн райының тұрақсызданып, бұзылуына әкеледі.

Салдарынан жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді.

Бұршақ жаууы мүмкін.

Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі.

Үшінші күнге қарай елдің батысына және солтүстік-батыс антициклон тарайды.

Осылайша жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді.

24 мамыр - түнде және таңертең орталықта, шығыста, 26 мамыр - батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болып, үсік жүруі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар