Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
2022 жылғы 4 шілде 12:00

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5-6 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Бұршақ жаууы мүмкін. 7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынның тоқтауы күтілуде.

Ауа температурасының күндіз батыста +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылауы болжанады. Маңғыстау облысында +31 градусқа дейін ыстық болады. Ал елдің орталығында +20+28°С, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С, республиканың шығысында ауа температурасы +22+29°С, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°С-тан +25+33°С-қа, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33°С дейін көтеріледі.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT