Алдағы үш күн оңтүстікте 46 градус аптап, ал солтүстікте ыстықтың беті қайтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 6-8 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы болады. Өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

6 маусым - батыста, 7-8 маусым - солтүстік-батыста, 8 маусым - солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ жауады.

Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

6-7 маусым күндізгі уақытта солтүстікте, 6 маусым орталық пен шығыста +41°С дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.

8 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте ыстық 22 + 30°С дейін төмендейді.


Соңғы жаңалықтар