Алдағы үш күн елімізде нөсер жауын жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 40 градустық ыстық басылып, найзағай жарқылдайды және өткінші жаңбыр жауады. Бұл - Оңтүстік Орал мен республиканың батыс аймақтарынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсері.

Ал солтүстік облыстарға фронттармен бірге жоғарыдағы циклон ығысып, Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр жауады. Солтүстік және орталық облыстарда кей жерлерде нөсер жауын жауып, жел күшейеді. Бұршақ жауады. Ауа температурасы төмендейді.

Соңғы жаңалықтар