Алдағы уақытта педагогтер жалақысы 30 пайыздан 100 пайызға дейін артады - Елбасы

None
None
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Тоқабаев/ - «Нұр Отан» партиясы тұғырнамасына сәйкес алдағы уақытта педагогтардың жалақысы олардың біліктілігіне орай 30 пайыздан 100 пайызға дейін арта түседі.

Бүгін бұл туралы «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс 14-съезі барысында партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Білім беру саласында депозиттер жүйесін енгізуге тиіспіз. Соның арқасында балаларын оқыту үшін ата-аналар оқу ақысын қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ алдағы бес жылда елімізде 3 мыңнан астам балабақша ашылып, мекетепке дейінгі мекемелер, әлемдік деңгейдегі кәсіби колледждер ашу желісі жүзеге асатын болады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының 90 пайыздан астамын кең жолақты Интернетпен қамтуды тапсырамын. 60 пайыз білім мекемелері электронды білім беруге көшуі тиіс», деді партия төрағасы.

Соңғы жаңалықтар