+7 (701) 759 90 19
USD 421.98 EUR 511.61
RUB 5.61 CNY 65.27
Jańalyqtar

Алдағы төрт жылда 34 жел электр станциясының жобасы жүзеге асырылады

2020 жылғы 24 қараша 17:49
Бөлісіңіз:
Алдағы төрт жылда 34 жел электр станциясының жобасы жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жаңартылатын энергия көздерін дамыту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде елімізде қуаты 1528 МВт болатын 110 жаңартылған энергия көзі нысандары қызмет атқарып келеді. Жылдың аяғына дейін қуаты 165 МВт болатын төрт нысанды пайдалануға береміз. Егер 1,5 мың МВт-ны талдайтын болсақ, желге қатысты 404 МВт, күн энергиясына 891 МВт, гидроэнергияға 224 МВт, биоэнергиясына 7,82 МВт тиесілі», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жоспар бойынша 2020 жылы өндірілген жалпы энергияның 3 пайызы жаңартылған энергия көздерінен болуы тиіс.

«Біз бұл жоспарды орындадық. 2030 жылға қарай осы көрсеткіш 10 пайызға жетіп, 2050 жылы 50 пайызға жеткізілуі тиіс. Қазіргі кезде Үкіметте гидроэнергетиканы дамыту жөнінде жоспарларымызды бекіттік. Алдағы төрт жылдың ішінде 13 гидроэлектр станциясы, 34 жел электр станциясы, 12 күн электр станциясы жобасы жүзеге асырылады. Осылайша, 2025 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен алатын қуат 3 мың МВт-қа жеткізіледі», - деді Н. Ноғаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT