Алдағы тәуліктерде күн суытып, жылбысқы қар жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның оңтүстігіндегі белсенді фронттардың әсерінен алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын-шашын және найзағай күтіледі. Ал суық арктикалық атмосфералық фронттар республиканың солтүстік облыстарына жауын-шашын, жылбысқы қар, көктайғақ ала келеді.

Ауа температурасы -2-10°С аязға дейін суытады. Сондықтан ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С төмендейді. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар