Алдағы тәуліктерде күн күрт суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың солтүстік-батысқа ауысып, Баренц теңізі жақтан арктикалық ауа массаларын әкелетінімен байланысты. К.н суытар алдында Қара теңіз циклоны мен онымен байланысты атмосфералық ағындар республиканың солтүстігіне қарай жылжиды. Нәтижесінде қар, бұрқасын, батыстан қатты жел соғып, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.  

Соңғы жаңалықтар