Алдағы тәуліктерде Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жел күшейеді - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар облыстарында қатты жел тұратыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«6-7 желтоқсан күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа өтетін жел (15-20) соғып, желдің екіпін 25 м/с дейін күшеюі күтіледі. Ауа температурасы түнде 26-31, кейбір жерлерде 34 градусқа дейін төмендейді. Ақтөбе облысында 20-25, кейбір жерлерде 30 градус аяз болады, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 16-21, кейбір жерлерде 24 градус суық болады. Маңғыстау облысында термометр көрсеткіші 10-15, кейбір жерлерде 20 градусқа дейін төмендейді.

7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қалың қар түсіп, бұрқасын болады, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай соғатын желдің (15-20 м/с) екпіні ұлғаяды. 8 желтоқсанда ауаның температурасы түнде 20-25, кейбір жерлерде 30 градус аязды көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар