Алдағы тәуліктерде қар жауып, күн 13 градусқа дейін суытады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Онымен бірге жауын-шашын болып, арты жаңбыр қарға ұласады.

«Бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында минус 5-13 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді», - деді Қазгидромет.


Соңғы жаңалықтар