Алдағы тәуліктерде бұршақ жауып, күн салқындайды - Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарайды ҚазАқпарат.

«Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады. 20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте орталықта төмендейді. Республика бойынша жекелеген аудандарда желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар