Алдағы сайлауда партиялар емес қазақ тілі жеңіске жетуі тиіс - Дәурен Қуат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда партиялар емес қазақ тілі жеңіске жетуі тиіс. Бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әлемде бізден басқа елде мемлекеттік тіл немесе тіл туралы мәселе жоқ. 175 елде ресми тіл мойындалады екен. «Ресми тіл» деп жергілікті тіл айтылады. Ал табиғаты, тарихы бойынша орыс тілі - ресми тіл емес. Басқа елдер өзінің құрамындағы елдердің тілдері жойылып кетпес үшін қамқорлық жасайды. Соларға заңмен көмек көрсетеді. Ал біз әлі күнде өзіміздің тілімізді осындай ресми жиындарда мойындата алмай келеміз. Тіпті, өзгеге емес өзімізге өзіміз мойындата алмай отырмыз. Мұны тоқтату керек», - деді ол «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезінде.
Сонымен қатар ол алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда қазақ тілі жеңіске жетуі тиістігін баса айтты.
«Сайлауға барлық партия атсалысып жатыр. Бәрі жеңіске жеткісі келеді. Меніңше, бұл сайлауда қазақ тілі жеңіске жетуі керек. Заң шығарушы органға қазақ тілі баруы тиіс», - деді Дәурен Қуат.
- Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды
- Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
- Қырғызстан: Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
- Радиациялық апат кезінде ТМД елдері өзара көмекті жедел ұсынады
-
Халықаралық қаржы корпорациясының қазақстандық кеңсесінің орнықты жұмысына жағдай жасалды
-
Отандық көлік операторларының үлесін арттыруға арналған құжат қабылданды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам