Алдағы сайлауда парламенттік оппозицияға көп жеңілдік беріліп отыр - Самат Нұртаза

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртаза Президенттің Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы сайлау заңды жүзде жоспарлаған уақытында болып жатыр. Екіншіден Президенттің үндеуін оқи отырып, парламенттік оппозицияға өте көп жеңілдік жасалғанын көріп отырмын. Кәдімгідей парламенттік оппозиция болып билікті сынайтын, билікке жөн үйрететін, кемшіліктерін байқап, айта алатын орган пайда болды деуге болады. Яғни парламенттік опозицияға беріліп отырған мүмкіндіктер біздің еліміздің демократиялық бағытта келе жатқанын айғақтайды. Сондықтан менің ойымша бұл дегеніміз – нағыз либерализацияның белгісі. Президенттің бүгінгі үндеуі түсінген адамға көп нәрсені өзгертеді», - деді Самат Нұртаза ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы білдірген пікірінде сарапшы.

Еске сала кетсек бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялаған болатын.

«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды», - деді Президент үндеуінде.



Соңғы жаңалықтар