Алдағы онжылдықта адами капиталға инвестиция күн тәртібіндегі басты міндеттің бірі болуы тиіс - Премьер-министр

None
None
АНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -Алдағы онжылдықта адами капиталға инвестиция күн тәртібіндегі басты міндеттің бірі болуы тиіс. Бүгін «Қазақстан - 2030» стратегиясы: Қазақстан үшін жаңа 10 жылдық мүмкіндіктері мен перспективасы» атты конференция барысында жаңа онжылдықтағы бес негізгі бағытқа тоқталған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адами ресурстардың саны мен сапасы кез-келген мемлекет үшін тұрақты әрі орнықты дамудың негізгі факторы болып табылады. Адами капитал ілгерішіл өзгерістердің, инновацияның және елдің өнімділігін арттыратын басты қозғалтқышы екені даусыз. Сондықтан да дәл осы адами капиталға салынатын инвестиция алдағы онжылдықтың күн тәртібіндегі басты міндет болуы шарт. Бұл ретте білім беруді сапалы жаңарту, денсаулық сақтау жүйесінің тиімді қызметін арттыру және еңбек ресурстарының оңды саясатын жүргізу маңызды болмақ», - деді К. Мәсімов.

 

 

Соңғы жаңалықтар