Алдағы күз айлары жылы, жаңбырлы болады - Қазгидромет
2022 жылғы 16 тамыз 15:14

Алдағы күз айлары жылы, жаңбырлы болады - Қазгидромет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет күзге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күзде жаңбырлы, екпінді желмен қатар, жылы шуақты күндер күтіледі.

Күзге арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, күздің алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы, 1-2°-қа нормадан жоғары болады деп болжануда. Қараша айы, республиканың басым бөлігінде жылы, ал Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстік жартысында — норма шегінде жылы болмақ.

Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады, яғни көбінесе құрғақ болады. Қараша айында елдің көптеген облыстарында жауын-шашын — климаттық нормаға жақын болады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT