Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және атмосфералық ауа ағындарының ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтемемен.

«9 маусымда солтүстікте, ел орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады және шаңды дауыл соғады. Күндіз 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда оңтүстік-шығыста аптап ыстық болып, температура +41°С-қа дейін жетеді», - делінген хабарламада.

8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста температура аздап түсіп, +20+28°С болады.


Соңғы жаңалықтар