Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 13-15 шілдеге арналан ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінің ауа райына циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. Ауа райының құбылмалы сипаты күтілетін жерде. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел жүреді.

Батыста ауа температурасы түнде +12+22℃, күндіз +25+35℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз термометрлер +12+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8+20℃, күндіз +15+28℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +25+32°С болады.


Соңғы жаңалықтар