+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алдағы тәуліктерде Қазақстанда күн жылынады

2018 жылғы 22 қазан 12:45
Бөлісіңіз:
Алдағы тәуліктерде Қазақстанда күн жылынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 23-25 қазан күндеріне қатысты ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жылы ауа райын ұзақ уақыт бойы ұстап тұрған антициклон шығысқа қарай ойыса бастады. Ол алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа райына ықпал етеді.

Соған байланысты республиканың көпшілік облысында жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы орнығады. Еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-25 градусқа дейін көтеріледі. Тіпті солтүстік, орталық және шығыс аудандарда да күн жылы болып, сынап бағаны 5-15°С айналасында болады.

Айта кетейік, бұл климаттық нормадан 3-8°С жоғары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT