Алдағы күндері Қазақстанда дауылды жел тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанда жел екпінінің 30 м/с дейін күшеюі күтіліп отыр, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметтерінше, 4 ақпанда күндіз, 5 ақпанда тәулік бойы, 6 ақпаның түнінде Астана қаласында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан кей кездері 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрып, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.

4 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде қар, бұрқасын және көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20 м/с дейін жел соғып, жел екпіні 23-28 м/с дейін көтеріледі.

5 ақпанда, 6 ақпанның түнінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын мен көктайғақ күтілуде. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар