Алдағы күндері 5 өңірде өзендердің суы тасуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12-16 сәуір аралығында Қазақстанның 5 өңірінде өзендердің суы арнасынан көтерілуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

«12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында еріген қар ағынының қалыптасуына және күннің жылынуына байланысты өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аумақтарға судың тасуы болжанады», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар