Алдағы екі жылда электрондық коммерцияға 200 мың адам келеді – Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай электрондық коммерция саласында 200 мың адам жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сауалына жауап берген Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде цифрландыру, экономиканы көлеңкеден шығару жайында айтудамыз. Бізде түрлі есептеулер бойынша экономиканың 28 пайызы - көлеңкелі. Цифрландыруға, электронды коммерцияға көшу арқылы көлеңкеден көптеген компанияны шынайы секторға шығаратын боламыз», - деді Үкімет басшысы.

Мәселен, оның айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы іске қосылғаннан кейін 2022 жылға қарай елімізде электронды коммерция саласында жұмыс істейтін адамдардың саны болжамға сәйкес 200 мың адамға жететін болады.

«Дегенмен, қазірдің өзінде бізде бұл салада 40 мың адам жұмыс істеп жатыр. Таяу аралықта біз осынау 200 мың жұмысшыға жететін боламыз. Бұл шынайы ашық бизнес саласына тартылатын адамдардың көп болатындығын білдіреді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар