Алдағы дүйсенбі Грузияда қаралы күн болып жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияда дүйсенбі, 27 қараша  Батумидегі қонақ үйдегі өртте қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Грузия үкіметінің сайтында хабарланды.

«Анадолу» агенттігінің хабарлауынша, Грузия ІІМ-нің мәліметінде Батумидегі бес жұлдызды «Леогранд» қонақ үйіндегі өртте 11 адам қаза тауып, 21 адам зардап шеккендігі көрсетілген. Жергілікті БАҚ зардап шеккендердің қатарында Түркияның азаматтары да бар деп жазуда. Мерт болғандардың бірі Иран азаматы. Зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Брюссельдегі «Шығыс серіктестігі» саммитіне аттанған Грузияның премьер-министрі Георгий Квирикашвили оқиғаға байланысты қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Квирикашвили Грузия билігі қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруге және кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді.

 

Соңғы жаңалықтар