Валюта бағамдары:
    usd/kzt 455 eur/kzt 492.13

    rub/kzt 5.94 cny/kzt 66.11
Ауа райы:
Астана+8+10℃
  Jańalyqtar  >

Алдағы демалыстарда солтүстікте күн суытып, оңтүстікте жылынады

2023 жылғы 3 ақпан, 15:44

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазгидромет демалыс күндердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жауады. Оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ күтіледі.

Желдің соғуы күшейеді. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 3-8 аязға дейін аздап төмендеуі болжануда. Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура түнде 15-26 градус, күндіз 5-13 градус аяз болады.

Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы плюс мәнге жетеді, күндіз 2-10° С жылы болады.


Автор:

Жарылқасын Саягүл

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары