Алдағы демалыста күн ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Сондықтан барлық аумақта дерлік жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Алайда кей жерлерде жел күшейеді. Оңтүстік және батыста шаңды дауыл соғады.

Тек бірінші күні атмосфералық фронттардың ықпалымен батыс өңірлерде кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.


Соңғы жаңалықтар