Алдағы демалыста Қазақстанда күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа температурасы климаттық нормадан 5...13°С жоғары аномальды жылы ауа райынан кейін Қазақстанға суық антициклон ауып келеді. Соның нәтижесінде республиканың көптеген облыстарында температура төмендейді.

Бірақ антициклон кірер алдында Қазақстан арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болады. Жаңбыр, жылбысқы қар жауады. Жел күшейіп, әдеттегідей көктемнің алдында түнде және күндіз тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар