Алдағы демалыс күндері Қазақстанда аптап ыстық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2018 жылғы 4-6 тамыз күндері болатын ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы ыстық болады, кей жерлерде күн күркіреп, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, солтүстікте жел екпіндете соғады. Өңірлерде 25-30 градус ыстық болады, ал еліміздің оңтүстігі мен батысында ауа температурасы 33-38 градусқа дейін жетеді.

Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында тағы да аптап ыстық болады, 5 тамыздан бастап ауа температурасы 25-32 градусқа дейін көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар