Алдағы демалыс күндері Ақтөбе және Қарағанды облыстары елордада жәрмеңке өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдымыздағы демалыс күндері Астанада өтетін дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкелерде өз өнімдерін Ақтөбе және Қарағанды облыстарының аграршылары ұсынады, деп хабарлады «ҚазАгро» ұлттық холдингінің баспасөз қызметі.

Ақтөбелік ауыл шаруашылық тауар өндірушілері түрлі азық-түлік тауарларының ішінде 900 тоннаға жуық сүт өнімдерін, 30 тонна ет, 20 тонна көкөніс өнімдерін әкеледі. Жәрмеңкеде аймақтан келген 52 шаруашылық қатысады, соның жартысынан жоғары ірі және шағын агробизнес шаруашылықтары «ҚазАгро» холдингінің қаржылық қолдауының арқасында құрылған.

Ақтөбе облысы АӨК субъектілерін қаржыландыру көлемі «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан 2013 жылы 6 млрд.теңгеден астам соманы құрады. Ағымдағы жылдың басынан облыстың агробизнесін қолдауға холдинг 3,1 млрд.теңге бағыттады.

«ҚазАгро» холдингінің Ақтөбе облысы бойынша инвестициялық қоржынында 17,5 млрд.т еңге сомасына 20 жоба бар. Бұлар ірі сүт-тауарлы фермалар, заманауи жылыжай кешендері, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары және т.б. сияқты ауылдағы өндірістік маңыздылығы бар нысандар. Бүгінгі күні 14 инвестициялық жобалар өндіріске қосылды, олардың жалпы құны 13,6 млрд.теңгені құрайды. Осыған орай 636 мамандар жұмыспен қамтылды.

Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің қаржылық операторларымен 824,05 млн. теңге сомасына 412 шағын несиелер, оның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша - 539,2 млн. теңге сомасына 320 шағын несиелер берілді. «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің еншілес компаниясы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Ақтөбе облысы бойынша 2013 жылы 45,2 млрд. теңгеге 135 бірлік ауыл шаруашылық және арнайы техниканы иеленуге келісім-шарттар жасалды.

Қарағанды облысының агроөндірістік кешенін дамытуға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 2014 жылдың басынан 8,3 млрд. теңге бағыттады. Қарағанды облысы бойынша холдингтің инвестициялық қоржынында 20,6 млрд. теңге сомасына 24 инвестициялық жоба бар. Оның бүгінгі күні 10,1 млрд. теңге сомасына 16 жобасы пайдалануға берілді. Барлық жобаларды іске асырумен 1020 жұмыс орындарының құрылуы жоспарлануда. «ҚазАгроҚаржы» желісі арқылы облыста 1,6 млрд. теңге сомасына 218 түрлі ауыл шаруашылық техникасын иеленуге келісім-шарттар жасалды.

Соңғы жаңалықтар