Алдағы бес жылда ауыл кәсіпкерлігін шағын несиемен қамту бағдарламасы жүзеге асатын болады - Н. Назарбаев

None
None
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алдағы бес жылда ауыл кәсіпкерлігін шағын несиемен қамту бағдарламасы жүзеге асатын болады.

Бұл ретте кәсіпкерлерге 3 млн. теңгеге дейін несиелер беріледі. Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Қазіргі кезде «Еңбекпен қамту -2020» бағдарламасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Соған қатысты еңбекке қабілетті азаматтардың барлығы жұмыс істеулері керек. Оларға біздің көмектеріміз осы. Мемлекет ауылдағы кәсіпкерлікті жандандырамын деушілер үшін шағын несиелер ұсынып отыр. Бұдан бөлек, қалаларда, ірі өндіріс орталықтарында жұмыссыз жастар шақырылып, олар оқытылады, кәсіп алады. Бұндай маңызды бағдарламаны жұртшылыққа түсіндіру керек», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар