Алдағы бес жылда Атырау облысында су тапшылығы 45 пайызға жетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 5 жылда Атырау облысында су тұтыну көлемі 45 пайыз артады. Бұл жайында облыс әкімі Серік Шәпкенов Мәжілісте өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау қаласы мен Мақат ауданын су мен қамтамасыз ететін тазартқыш жабдықтар өткен ғасырдың 30-60 жылдары қолданысқа берілген. Қазір олар апаттық жағдайда. Алдағы 5 жылда өңірдегі су тапшылығы 45 пайызға өседі деп болжанып отыр», - деді әкім.

Айтуынша, осыған байланысты жаңа екі сүзгі станса іске қосу жоспарланған.

«Астрахан-Маңғышлақ су құбырының екі кезеңге жоспарланған жаңғырту жұмыстарын кейінге шегермей, тездетіп шешу қажет. Қолдауларыңызды сұраймыз», - деді аймақ басшысы.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың мәліметі бойынша, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады.


Соңғы жаңалықтар