Алдағы бес жылда архив саласына 900-ден астам маман керек болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин архив саласы үшін мамандарды даярлау жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Архив саласында маман даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүргізіледі. Бұл тапсырыс кадрларға қысқа мерзімдегі әрі орта мерзімдегі уақытта қажеттілік бойынша жасалады. Есептеуге қарағанда, алдағы бес жылда салаға жоғары білімі бар 945 маман керек болады», - деп жазды А. Мамин сенаторлардың депутаттық сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол аталған мақсатты жүзеге асыру үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.
«Осы қажетттілікті қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігі 2020 жылы архив мамандығына бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша 55 грант (бакалавриат – 35, магистратура −20) қарастырды. Қалғаны өзара байланысты мамандықтардың түлектерін тарту есебінен толықтырылады. Бірінші кезекте филологтар қамтылады», - деді Премьер-Министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Архив қызметкерлері еңбекақысын көтеруге 2,8 млрд теңге қаралған.
- Қызылорда облысында 6 мың түлек сегіз тестілеу орталығында ҰБТ тапсырады
- Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
- Ауыл мектептерін үздік тәмамдаған түлектерді педагогика мамандығына тарту керек - депутат
- Қазақстанда 2021 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
-
Алматыда ҰБТ басталды: санитарлық нормаларды сақтау ерекше бақылауға алынды
-
Ақтөбеде оқушылар замандастарын емтиханға тегін дайындап жүр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам