Алдағы 7 жылда $150 млрд тікелей шетел инвестициясын тартамыз – ҚР Президенті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан алдағы 7 жылда 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«

Елімізде цифрлық трансформацияны қолдау үшін реформалар жүргізуге кірістік. Бұл жұмыстарды бүкіл әлем мойындап отыр

«, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, БҰҰ-ның рейтингісінде Қазақстан «электронды үкіметті» дамыту бойынша әлемнің үздік отыздығына кіреді, сондай-ақ онлайн қызмет көрсету индексі бойынша 11-орында.

Елге тартылатын тікелей шетелдік инвестицияларға тоқтала Президент: «

Алдағы 7 жылда 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отырмыз

», - деді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұстанымы қандай екенін мәлім етті.

«

Қазақстанның ұстанымы өте қарапайым және айқын – біз нөлдік сомасы бар ойындарға сенбейміз. «Үлкен ойындарға» емес, Еуразияның жүрегіндегі барлық адамдар үшін «Мол пайдаға» ұмтыламыз

», - деп атап өтті ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар