Алдағы 6 жылда «Қазақмыс» шикізаттық базаны дамытуға 4 миллиард АҚШ долларына жуық қаржы бөлмек

None
None
А. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдағы 6 жылда «Қазақмыс» шикізаттық базаны дамытуға 4 миллиард АҚШ долларына жуық қаржы бөлмек. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан тау-кен металлургия қызметкерлерінің ІІ съезінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Эдуард Огай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Яғни, 5-6 жылдың ішінде біз шикізаттық базаны дамытуға төрт миллиард АҚШ долларына жуық қаржыны және кен байытуда,  металлургияда шамамен бір миллиард долларға тарта қаржыны инвестициялауға тиістіміз», деді ол.

 Басқарма төрағасы алдағы бес жылдағы бағдарламаға  Бозшакөл және Ақтоғай атты екі үлкен блоктың құрылысы енгізілгенін айтып өтті. «Бұл өз кезегінде өндірістік қуатты орташа алғанда 30 пайызға арттыруға мүмкіндік бермек.  Осы екі нысанға салынатын инвестиция көлемі 4 миллиард АҚШ долларына жуық қаржыны құрайды. 5 жылдың ішінде біз осы екі құрылысты іске қосқымыз келеді», деді Э. Огай.

 Корпорация биылғы жылды жақсы нәтижемен қорытындылап отырғанына тоқталған ол, физикалық көрсеткіштің көлемі өткен жылдан кем емес екенін жеткізді.

 «Ұжымдағы ахуал  тұрақты жағдайда. Себебі,  дағдарыс кезінде   жалақыны біз қысқартқан жоқпыз. Атап айтқанда, алдағы жылы еңбекақыны көтеруді қарастырудамыз», деді ол.

Соңғы жаңалықтар